Референдумдағы дауыс беру процесі заң аясында өтіп жатыр

134

Бұл күндері прокуратура мен соттар референдумға қатысты өтініштерді дереу қарауға міндетті.

Референдумдағы дауыс беру процесі заң аясында өтіп жатыр

Бүгінгі таңда прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов ОКҚ алаңында өтіп жатқан "Референдум – 2026" онлайн-марафоны барысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жалпы дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтуде. Референдумды өткізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады", – деді ол.

Бекжан Қараманов заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.

"Бүгін дауыс беру күні үгітке тыйым салынғанын тағы да естеріңізге салғым келеді. Бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", – деді Бекжан Қараманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу