Елордада басты нысандарға арнайы таблолар орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға кері санақ басталды. Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыреспубликалық референдум биыл 15 наурызда өтеді.

Кері санақ таблолары елорданың бірқатар маңызды нысанында – шолу дөңгелегінде және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды. Ондағы сандар нақты уақыт режимінде референдумға дейін қалған күндерді көрсетіп тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу