Референдумға сайлаушылардың қатысуы 68,05 пайыз болды – ОСК қорытындысы

563

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, 5 маусымда өткен республикалық референдумға сайлаушылардың қатысуы 68,05 пайызды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Референдумға сайлаушылардың қатысуы 68,05 пайыз болды – ОСК қорытындысы

"Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 11 миллион 734 мың 642 адам, жалпыхалықтық дауыс беруге 7 миллион 985 мың 769 сайлаушы немесе 68,05 пайызы қатысты. Осылайша, референдум өтті деп танылады", – деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Жексенбі күні Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу