Реинжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

1075

Қазақстан  БҰҰ рейтингінде электрондық үкімет бойынша үздік 30 елдің қатарында. 

Реинжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді. Жаңа орталық министрліктің құзыретін арттырып, мерзімі өткен ақпараттық жүйелерді оңтайландыруға ықпал етеді. 

"Реинжиниринг және цифрлық трансформация орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде ақпараттық жүйелер көп. Ол жақсы да емес, жаман да емес. Бұл тек факт. 15 жылда біз өте көп ақпараттық жүйе жасадық. Бұл бізге БҰҰ рейтингінде жетістікке жетуге көмектесті. Біз оның электронды үкімет бойынша тізімінде үздік 30 елдің қатарындамыз. Бірақ уақыт өте келе, тексеру жүргізіп отыру керек екені анық. Кей жүйелер өзекті емес, ескірген, қолданылмайды немесе қолданушылардың қазіргі талаптарына сай келмейді. Сондықтан біз осы орталықты құру арқылы Цифрлық даму министрлігі мен "Зерде" холдингінің маңыздылығын арттырамыз. Осылайша біз түрлі ақпараттық жүйелер жасайтын мемлекеттік органдарға ықпал ете аламыз", – деді министр. 

Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл цифрландыруға қатысты барлық үдерістерді келісіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу