Рейстер кешігіп жатыр: Астана әуежайы маңызды ескерту жасады

355

Аэродром мен терминалдар тұрақты жұмыс істеп тұр.

Рейстер кешігіп жатыр: Астана әуежайы маңызды ескерту жасады Фото: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы

6 қаңтар күні Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға рейстердің кешігіп ұшуына байланысты хабарлама таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызмет ұшақтарды қабылдау мен ұшыруды қамтамасыз етіп жатыр, перронды тазалау және аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қону бойынша 7 рейс кешігіп жатыр, Түркістаннан келетін 1 рейс тоқтатылды. Қону рейстерінің кешігуі мен тоқтатылу себептері әуежайлар мен әуе компаниялары тарапынан анықталады. Ұшу бойынша 5 рейс кешігіп жатыр, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Рейстердің кешігу себептері:

  • Шымкент және Қостанай бағыттары – баратын әуежайдағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар;
  • Қызылорда, Алматы және Камрань бағытындағы рейстер – ұшақтың кеш келуі.

Баспасөз қызметі Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті. 

– Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылау ұсынылады, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу