Танымал отандық актер Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шексіз жақсы көремін", – делінген жазбада.
Мұрат Бисембин көптеген фильм мен сериалға түскен. Соның ішінде "Рэкетир" фильмі арқылы халыққа кеңінен танылды. Актер осы уақытқа дейін қатерлі дертпен күресті. Кейін оның инсульт алғаны туралы да белгілі болды.
Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенсек, 2000 жылдан Алматыда тұрады. 2001 жылдан киноға түсіп келеді. Актерліктен бөлек Мұрат Бисембин бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысты. Кинодағы жұмысынан бөлек "Арена" спорттық бағдарламасында тележүргізуші болды.
Айта кету керек, бұған дейін белгілі актер Мұрат Бисембин қатерлі дертке шалдыққанын жазғанбыз.