Сот алқасы 55 жастағы әртісті қылмыстық кәсіпкерлікпен айналысты, жыныстық мақсатта адам саудасын ұйымдастырды деген баптар бойынша кінәсіз деп таныды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Егер бұл айыптар дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылар еді.
Алайда, Шон Комбс жеңілірек, бірақ сонда да ауыр жаза қарастырылатын баптар бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда, ол бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура мен жезөкшелікпен айналысатын тағы бір әйелді тасымалдағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Бұл іс бойынша ол 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Адвокаттары рэперді сот шешімі шыққанша 1 миллион доллар кепілдікпен босатуды сұрағанымен, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Комбс түпкілікті үкім жарияланатын 3 қазанға дейін қамауда қалады.