Ресей әлемдік интернеттен қазір кетпейді

823

Ресей әлемдік интернеттен қазір кетпейді

Ресей техникалық тұрғыдан әлемдік интернеттен кете алады, бірақ бұл процесс тиімсіз. Бұл туралы Ресей президентінің интернетті дамыту жөніндегі кеңесшісі Герман Клименко НТВ телеканалына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Ол қазір Ресей президентінің нұсқауы бойынша арнайы шенеуніктерге арналған интернет желісінің ресейлік сегменті жұмыс істейтінін айтты.

Оның сөзінше, интернетті реттеумен айналысып жатқан әлемдегі елдер қатарында Ресей де бар. Бірақ Ресей солтүстік кореялық немесе кубалық секілді қысылтаяң әрекеттер жасамайтын көрінеді.

Айта кетсек, Ресей президенті рунетті бақылауға алуды көздейтін байланыс жөніндегі заңға өзгертулер енгізуді тапсырған болатын. Әзірленіп жатқан "Сандық экономика" бағдарламасы жобасына сәйкес, 2024 жылы 95 пайыз трафик ресейлік желі арқылы өтуге тиіс. Сонымен бірге биыл рунеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы жоба әзірленуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу