Ресей арқылы тасымалданатын қазақ мұнайы санкцияға ілікпейді

622

Ресей айлақтары арқылы тасымалданатын қазақтың мұнайы Еуропалық одақ пен Үлкен жетілікке кіретін елдернің санкциясына ілікпейді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі осындай хабар таратты, деп жазады Аtamekеn business.

Ресей арқылы тасымалданатын қазақ мұнайы санкцияға ілікпейді Фото: google.com

Теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан шикізаттың 98 пайызын Ресей арқылы тасымалдайтыны белгілі. Оның 80 пайызы Каспий құбыр концорциумы арқылы өтеді. Сонымен қатар біздің ел Усть-Луга және Новороссийск айлақтарын да экспорт үшін пайдаланып отыр. Қазақстан мұнайы Ресей арқылы өткенмен, ол ресейлік өнім болып саналмайды Сондықтан оған осы жолы жетекші елдер жариялағалы отырған шектеу әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу