Ресей әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ҰҚШҰ отырысын өткізеді

831

Жиын онлайн форматта ұйымдастырылады.

Ресей әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ҰҚШҰ отырысын өткізеді

14 сәуірде Ресей тарапы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) отырысын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында әскери ынтымастықты дамыту мәселелері талқыланады. 

"14 сәуірде бейнеконференция режимінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөніндегі әскери комитетінің отырысы болады. Отырыс әскери комитет төрағасы, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының басшысы, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы Валерий Герасимовтың басшылығымен өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының басшылары, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров және ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайрулоев қатысады.

Онлайн басқосуда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздіктің мәселелері мен оған төнетін қауіп-қатерлер, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері авиациясының және халықаралық ұшуларды ұйымдастыруды жетілдіруге қатысты мәселелер, сондай-ақ 2022 жылы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесе даярлау іс-шараларын талқыланады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: ҰҚШҰ баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу