Ресей әскері Одесса облысына шабуылдап, 18 адам қаза болды

464

Олар Х-22 зымырандарын стратегиялық Ту-22 ұшақтарымен ұшырған.

Ресей әскері Одесса облысына шабуылдап, 18 адам қаза болды

Ресей әскерінің Украинадағы Одесса облысының азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарынан қаза болғандар саны артты, деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.  

"Одесса облысы. Таңертеңгі сағат 8:30-дағы жайғдай: 18 адам ажал құшты, оның екеуі – бала. 30 адам жарақат алды", – деп жазылған жергілікті биліктің мәлімдемесінде.

Ресей әскері 1 шілдеге қараған түні Одесса облысына үш зымыран ұшырды. Соққы азаматтық инфрақұрылым объектілеріне, нақтырақ айтқанда, екі демалыс базасы мен тұрғын үйге жасалды.

Украиналық әскерилердің мәліметі бойынша, олар Х-22 зымырандарын стратегиялық Ту-22 ұшақтарымен ұшырған. 

Қазір құтқарушылар жарылыс болған жерді үйінділерден тазартып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу