Арменияға Ресейден жаңа партия астық транзитпен Әзербайжан арқылы жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.
Әзербайжан мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін Балажары станциясынан Бөюк Кесик бағытына жалпы салмағы 977 тонна болатын 14 вагон астық жөнелтілді.
Осы уақытқа дейін Ресейден Арменияға Әзербайжан аумағы арқылы 27 мың тоннадан астам астық, 4 мың тоннадан астам тыңайтқыш, 133 тонна алюминий және 68 тонна қарақұмық жеткізілген.
Қазіргі таңда Арменияға 10 мың тоннадан астам дизель отыны, 979 тонна АИ-92 маркалы бензин және 2955 тонна АИ-95 маркалы жанармай жеткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу