Ресей аумағында көлік апатынан зардап шеккен қазақстандық есін жиды

601

Ресей аумағында көлік апатынан зардап шеккен қазақстандық есін жиды

23 тамыз күні Ресейде шағын автобустың аударылғанда жарақат алып, ауруханада жатқан Қазақстан азаматы Хасен Білімбай есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Хасен Білімбай есін жиды. Қазір сөйлесіп жатыр. Туған-туыстары келе жатыр. "Жол апатынан зардап шеккен әйелдің туған-туыстары іздестіріліп жатыр" деген ақпарат таратылғаннан кейін бір сағаттың ішінде бізге оның Астанадағы және Моңғолиядағы туыстары хабарласты", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

ҚР СІМ баспасөз қызметінен сонымен бірге, зардап шеккен қазақстандықты Қазақстанға жеткізуге болатынын хабарлады. Алайда бұл мәселе оның туған-туыстарымен кеңесе отырып шешілетін болады.

Еске сала кетсек, 23 тамыз күні РФ Алтай өлкесінің Онгудай ауданындағы "Шүй тракты" тасжолы бойындағы "Шіке-Таман" асуында "Istana" шағын автобусының аударылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осының салдарынан аудандық ауруханаға шағын автобустың ішіндегі 14 адам жеткізіліп, оның 12-і ауруханаға жатқызылған. Кейін ҚР СІМ зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы бар екенін хабарлаған болатын.

"РФ ІІМ бөлімшесінің келтірген мәліметіне сәйкес, Алтай Республикасы Онгудай ауданы бойынша зардап шеккендердің арасында 1949 жылғы бір Қазақстан азаматы (әйел) бар болып шықты. Ол қазіргі уақытта бас сүйек-ми жарақатымен Горно-Алтайск қаласындағы Республикалық ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. Аталған мәселе біздің консулдықтың бақылауында", - деп жауап берген еді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу