Ресей баға шегін белгілейтін елдерге мұнай сатпайды

652

АҚШ-тың Еуропа елдеріне ресейлік мұнайдың шекті бағасын белгілеуге қатысты ұсынысына Ресей жауап берді. 

Ресей баға шегін белгілейтін елдерге мұнай сатпайды

Ресей баға шегін белгілейтін елдерге мұнай сатпайды. Бұл туралы бейсенбі күні Ресей Федерациясының вице-премьері Александр Новак мәлімдеді.

"60$ болсын, басқа сома болсын Ресей баға шегін белгілейтін елдерге мұнай беруден бас тартады. Мұны біз нарықтық құралдарға араласу деп білеміз", — деді ол "Россия-1" телеарнасының эфирінде.

Новак Ресей нарық жағдайында тұтынушылармен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ Еуропаға қосымша энергия ресурстарын жеткізу қажет екенін атап өтті, бірақ саясаткерлер қателіктерін елемей, толық көлемде пайдаланылмайтын немесе мүлдем қолданылмайтын "Ямал — Еуропа",  Украинаның газ тасымалдау жүйесі (ГТС) мен "Северный поток-2" газ құбырларынан келетін ресейлік отынға деген қажеттілікті мойындамай отыр.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының вице-премьері АҚШ-қа ресейлік мұнай бағасының шегін талқылаудың орнына Еуропаға жеткізілетін сұйытылған табиғи газ үшін price cap (баға шегі) туралы ойлануға кеңес берді.

"Дәл сол сұйытылған табиғи газ Еуропаға АҚШ-тағы өнеркәсіпшілер үшін қойылған бағадан төрт есе жоғары бағамен жеткізіледі. Яғни Еуропаның энергетикалық кедейлікке енуіне жағдай жасап отыр", - деп қорытындылады Новак.

Бұған дейін Ресей президенті де энергетикалық ресурстарды шекті баға белгілеген елдерге сатуға жол берілмейтінін жеткізді. Президент сондай-ақ "баға шегі" тәжірибесі басқа салаларға қолданылмайтынына және тек Ресейге қарсы пайдаланылмайтынына кепілдік жоқ екенін айтты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу