Ресей Беларусь аумағында ядролық қару сақтайтын қойма салып жатыр

921

Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресей Беларусь аумағында ядролық қару сақтайтын қойма салып жатыр Фото: news.myseldon.com

"3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз, - деді ол "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (ДСНВ, СНВ-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған.

Сондай-ақ ол Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағына орналастыруды бұрыннан сұрап жүргенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу