Ресей, Беларусь, Қырғыз президенттері Елбасы орденімен марапатталды

1256

Үш елдің президенттері "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградталды. 

Ресей, Беларусь, Қырғыз президенттері Елбасы орденімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлық негізінде Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін Путин Владимир Владимирович – Ресей Федерациясының Президенті, Лукашенко Александр Григорьевич – Беларусь Республикасының Президенті, Жээнбеков Сооронбай Шарипович – Қырғыз Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу