Ресей билігі Африкадағы маңызды базасынан айырылды

83

Бұл туралы Ресейдің Судан Республикасындағы елшісі Андрей Черновол мәлімдеді.  

Ресей билігі Африкадағы маңызды базасынан айырылды Фото: ТАСС

Cудандағы ресейлік әскери-теңіз базасының құрылысы тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Белгілі болғандай, екіжақты келіссөздер 2020 жылы тиісті мемлекетаралық келісімге қол қоюмен аяқталды... Ағымдағы әскери қақтығысты ескере отырып, бұл мәселе бойынша ілгерілеу уақытша тоқтатылды, – деп түсіндірді дипломат.

Құжат бойынша, Ресей мен Судан 2020 жылы әскери-теңіз пунктін орналастыру туралы келісімге қол қойған, бірақ ішкі қақтығыстардың ұзаққа созылуы себепті жұмыс тоқтап қалған. Әзірге, әскери-теңіз айлағындағы құрылыстың қашан жалғасатыны белгісіз. 

Айта кетейік, Суданның Дарфур провинциясында қантөгіс жалғасып жатыр. Нәтижесінде бейбіт тұрғындар – әйелдер мен балалар қаза тапты.

Бұған дейін елдің Ресейдегі Суданның елшісі Мұхаммед Сирадж Судан Эль-Фашер қаласын бақылаудан айырылған соң Ресейдің көмегін ұлғайтады деп күтетінін мәлімдеген. Оның айтуынша, Мәскеу қақтығыс басталғаннан бері елді халықаралық деңгейде қолдап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу