Ресей БРИКС-ке ұнайтын іс-әрекет жасады

Олар ұйымның естелік банкнотын жасап шығарған.  

Ресей БРИКС-ке ұнайтын іс-әрекет жасады Фото: Российская газета

РИА Новости кәдесыйдың Владимир облысындағы Киржач баспаханасында 10 мың данамен басылғанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Символдық банкнот жасау идеясы БРИКС-тің негізгі құндылықтары – көпполярлық, теңдік және стратегиялық серіктестікті көрнекі түрде көрсету әрекеті негізінде туындаған. 

200 номиналдағы банкнотта одақтың негізін қалаушы елдер – Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканы бейнелейтін құстар, одақ құрамына кіретін мемлекеттердің туы бейнеленген. Банкнот тұжырымдамасы алғаш рет 2024 жылдың қазан айында ұсынылған-ды, ал ресми тұсаукесері биыл Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтті. 

Айта кетейік, БРИКС бүгінде 10 мемлекетті біріктіреді. Олар – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет, Эфиопия және Индонезия. Ұйым кеңейтілген экономикалық ынтымақтастық арқылы өз мүшелерінің халықаралық ұстанымын нығайтуға ұмтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу