"Бұйрық берген": Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тың деректер жарияланды

265

Әзербайжандық БАҚ-қа анонимді хат келіп түсті.  

"Бұйрық берген": Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тың деректер жарияланды Фото: gov.kz

Өткен жылдың желтоқсан айында Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағына оқ ату туралы бұйрықты Ресей Қорғаныс министрлігі берген.

Бұл туралы әзербайжандық Minval басылымы ресейлік капитанның анонимді хатына сілтеме жасай отырып жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Minval.az басылымына сілтеме жасап.

Дмитрий Паладичук деп таныстырған ресейлік капитанның хатына сәйкес, ер адам №274 әскери бөлімнің командирі ретінде 2024 жылғы 24-25 желтоқсан күндері Грозныйда жауынгерлік кезекшілікте болған.

"2024 жылғы 25 желтоқсан күні сағат 05:40-та №1 жауынгерлік дайындыққа көшу туралы бұйрық келді. Сағат 05:48-де бұл туралы ұялы байланыс арқылы баяндадым. Ұялы байланыс тұрақсыз болды, ал басқа байланыс құралдары болмады. Оптикалық-талшықты сымдар тартылғанымен, олар терминалға қосылмаған еді, әрі нөмір теретін цифрлық телефон да болмады. (...) Сағат 08:13-те жаңартылған координаталарды тағы да хабарладым", – делінген хатта.

Ресейлік капитанның жазуынша, оған телефон арқылы нысананы жою туралы бұйрық берілген.

Minval басылымы тиісті хаттан бөлек, үш аудиожазбаны да жариялады. 

"Бұл хатта капитанның қолы тұрғанымен, оның түпнұсқалығына кепілдік бере алмаймыз. Бірақ та, бұл хаттың өзі және бұл құжаттың жарты жылға созылып келе жатқан тергеу үшін де, қоғам үшін де маңызын ескере отырып, оны жариялауға мәжбүр болдық. Алынған мәліметтер қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін зерттеп жатқан Әзербайжанның құзырлы органдарына қажет болып қалуы мүмкін", – деп жазады Minval.

Айта кету керек, өткен жылдың 25 желтоқсан күні Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу