Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Владимир Путиннің айтуынша, бұл көрсеткіш "аса консервативті, бірақ сенімді" бағалау болып табылады. Алдағы үш жылдық бюджет жобасы жоспарлы түрде дайындалып жатыр.
Ресей Үкіметі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын аяқтап, оны бюджет негізіне енгізбек. 2027 жылғы басымдықтар қатарында әлеуметтік міндеттемелерді орындау, қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бар.
Ресей мұнай-газ кірістерінің алдағы айларда артуын күтіп отыр. Бұл Ұлттық әл-ауқат қорын толықтыруға мүмкіндік береді.
Президент экономикалық басымдықтарды нақтылау үшін тұрақты талдау жүргізудің маңызын атап өтті. Орталық банк пен Үкіметтің инфляцияны төмендету шаралары нәтиже беріп жатқанын айтты.
Ресейдегі жұмыссыздық тарихи минимум деңгейінде қалып отыр.
Сонымен қатар Путин Батыс елдерінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне енгізілген эмбаргоны 2028 жылға дейін ұзартты. Бұл шектеу алғаш рет 2014 жылы енгізілген болатын.