Ресей ДХР мен ЛХР-ді мойындағаннан кейін, АҚШ оған қарсы жаңа санкциялар салды

2239

Осы екі аймаққа инвестиция құюға тыйым салынды.

Ресей ДХР мен ЛХР-ді мойындағаннан кейін, АҚШ оған қарсы жаңа санкциялар салды

АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағаннан кейін, оған қарсы жаңа санкциялар салу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақ үй басшының айтуынша, Донбасс республикасын мойындау Минск келісімдері бойынша Ресейдің міндеттемелеріне қайшы келеді және Украинаның тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіреді. 

Жаңа санкцияға сәйкес, АҚШ-тың жеке және заңды тұлғаларына Украинаның ДХР және ЛХР деп аталатын аймақтарына инвестиция құюға тыйым салынады. Сонымен қатар Америка Құрама Штаттарына немесе АҚШ азаматтарына осы екі аймаққа кез-келген тауарлар мен қызметтерді немесе технологияларды экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге шектеу енгізеледі.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: ndtv.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу