Ресей екі күнде Украинаға құны 200 млн доллар тұратын зымыран ұшырды

500

27 маусымда Ресей әскері Полтава облысындағы Кременчуг қаласына зымыранмен шабуыл жасап, салдарынан 13 адам қаза болды. 

Ресей екі күнде Украинаға құны 200 млн доллар тұратын зымыран ұшырды Фото: reuters.com

25 және 26 маусымда Ресей әскері Украинаға 60-80 шақты ұзақ қашықтықтағы зымыран ұшырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Forbes мәліметіне сілтеме жасап.

Олардың жалпы құны шамамен 150-220 миллион доллар.

Ресейлік әскерилер 30 зымыранды Житомир облысына, тағы 20 зымыранды Чернигов облысына ұшырды. Сонымен қатар олар Киев, Хмельницкий, Львов және Днепропетровск облыстарына да оқ жаудырған. Николаев, Харьков және Киевке де шабуыл жасады.

Forbes мәліметі бойынша, Ресей "Точка-У", Х-22," Оникс", "Искандер", "Калибр" және Х-101 зымырандарын қолданған. 

УНИАН агенттігінің дерегінше, 27 маусымда Ресей әскері Полтава облысындағы Кременчуг қаласына зымыранмен шабуыл жасады. Салдарынан 21 адам түрлі деңгейде жарақат алды, тағы 29 адамға амбулаторлық көмек көрсетілді. Зымыран соққысынан 13 адам қаза тапты.

28 маусым күні ресейлік әскер Николаевқа соққы жасады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу