Ресей елшілігі адыраспанға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады

188

Бұл үшін Ресей Федерациясында айыппұл салады.

Ресей елшілігі адыраспанға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: qagro.kz

Қазақстандықтарға адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Қазақстан азаматтарына елімізде адыраспан деп аталатын гармала өсімдігін Ресейге әкелуге тыйым салынғанын еске салды.

Гармала және оның құрамындағы гармин заты Ресейде есірткі ретінде танылған. Сондықтан оны әкелуге, сатып алуға, сақтауға, жөнелтуге, өсіруге, сатуға, таратуға, қолдануға, тіпті пайдалануға үгіттеуге тыйым салынған.

"Гармала Ресей медицинасында немесе асханасында қолданылмайды. Сол себепті оның айналымы заңсыз. Ал оны насихаттауға тыйым салынған", – деп хабарлады елшілік.

Ресей Федерациясынан тыс жерлерде гармала кептірілген бұта, өсімдік бөліктері, сығымдалған брикеттер мен пирамидалар түрінде сатылады.

  • Гармаланы қолданғаны немесе заңсыз айналымы үшін айыппұл, әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.
  • Егер өсімдік көлемі ірі болса, құқық бұзушы бірнеше жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ 1 млн рубльге дейін (6,6 млн теңге) айыппұл төлеуі мүмкін.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу