Ресей энергия ресурстарымен бөлісуге дайын

575

Ресей президенті кейінгі кездері Еуропа елдерінде орын алған энергия тапшылығына жауап ретінде өзара серіктестікке шақырып отыр.

Ресей энергия ресурстарымен бөлісуге дайын

Ресейде энергия ресурстарының көптігі соншалық, онымен әлемнің барлық елдерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады, деп мәлімдеді Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында Ресей Президенті Владимир Путин.

"Ең алдымен, біздің энергоресурстарымыз өз елімізді дамытуға бағытталуы тиіс. Бірақ біздегі ресурстардың көлемі бізбен жұмыс істегісі келетіндердің барлығының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға әбден жетеді. Біздің серіктестеріміз үшін, әсіресе Еуропа елдері үшін өте қолайлы әрі тиімді серіктестік болмақ, өйткені біздің құбыр газымыз мұхит арқылы әкелінетін сұйытылған табиғи газға қарағанда анағұрлым бәсекеге қабілетті", – деді ол.

Сонымен қатар Владимир Путин сұйытылған табиғи газдағы жағдайды нақтылап, Ресей оны "сұраныс" бар болғандықтан бәріне сататынын айтты.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу