Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласына 203 млн рубль бөлді

553

Аталған сома қаладағы нысандарды күтіп ұстауға бағытталады.  

Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласына 203 млн рубль бөлді Фото: russian.rt.com

Ресей Үкіметі Байқоңыр қаласының қажеттілігіне 203 млн-нан аса рубль (3 млн доллар) бөлді, деп хабарлады РФ-ның құқықтық интернет-порталы.

2022 жылға және 2023 – 2024 жылдарға арналған федералды бюджет туралы" федералды заңға сәйкес 203 млн 668 мың рубль Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алуға байланысты Байқоңыр қаласының инфрақұрылым объектілерін ұстауға субсидия ретінде бөлу көзделген, - деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, Байқоңыр қаласы (Қызылорда облысы) жалға алынған Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бірлігі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу