Германияда қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның ісі бойынша Ресей тексеру жүргізеді

232

Марқұмның ата-анасы Ресейдің тергеу комитетіне жүгінген.

Германияда қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның ісі бойынша Ресей тексеру жүргізеді Фото: nege.kz

Ресейдің Тергеу комитеті Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап. 

"Федералды телеарнаның эфирінен Германия аумағында Қазақстаннан барған әйелдің қаза тапқаны жөнінде сюжет көрсетілді. Онда аталған қылмысқа марқұмның енесі мен бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін екендігі, сондай-ақ олардың Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге бой тасалауы ықтимал екендігі айтылған. Осыған байланысты қаза тапқан әйелдің ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Иванович Бастрыкинге жүгінді. Сюжетте келтірілген мәліметтер бойынша Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процессуалдық тексеру ұйымдастырды", – делінген хабарламада.

Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Мәскеу қаласы бойынша тергеу басқармасының басшысына аталған тексерудің барысы туралы баяндауды тапсырған. 

"Тапсырманың орындалуы ведомствоның орталық аппаратының бақылауында", – деп хабарлады Ресей Федерациясының тергеу комитеті.

Айта кету керек, бұған дейін Германияда кісі қолынан қаза болған экс-судьяның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланғанын жазғанбыз. Іздестіру ісі 9 желтоқсан күні Жетісу облысында тіркелген. ІІМ бір дерек бойынша іс қозғағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу