Ресей, Иран, Ауғанстан, Пәкістан бірігіп консорциум құрды

434

Тәлібтер басқаратын Ауғанстан билігі 4 мемлекеттің компанияларынан тұратын алып консорциум құрды.   

Ресей, Иран, Ауғанстан, Пәкістан бірігіп консорциум құрды Фото: AP

Оның ішінде өздерінен бөлек, Ресей, Иран және Пәкістан компаниялары бар.

Тәлібтер үкіметінің сауда министрінің қызметін атқарушы Нуруддин Азизидің мәлімдеуінше, консорциумның жалпы бюджеті 1 млрд доллардан асады.

"Ал негізгі бағыты - соғыстан титықтаған елдің энергетикасы мен инфрақұрылымын, экономикасын қалпына келтіру", - дейді ауған өкілі. 

Сондай-ақ, тау-кен өндіру, энергетикалық жобалармен қоса, олар Ауғанстанның солтүстігін басқа өңірлермен байланыстыратын туннель салу жоспары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу