Ресей Қарағандыдан құс өнімдерін жеткізуге тыйым салды

1182

Тыйым тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, құс еті мен жылумен өңделмеген құс шаруашылығының барлық өніміне қатысты.

Ресей Қарағандыдан құс өнімдерін жеткізуге тыйым салды

Россельхознадзор 4 шілдеден бастап Қарағанды облысында ньюкасл ауруының тіркелуіне байланысты, өңірден баратын құс өнімдерін кіргізуге тыйым салды.  

Тыйым тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, құс еті мен жылумен өңделмеген құс шаруашылығының барлық өніміне қатысты.

Россельхознадзор, сондай-ақ, Ресей арқылы Қарағанды өңірінің өнімдерін алып өтуге де тыйым салды.

Айта кетсек, ньюкасл тауық тектес құстардың тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін қабындыратын аса жұқпалы ауру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу