Ресей Каспий көлік хабын дамыту жобасын дайындады

972

Ресей Каспий көлік хабын дамыту жобасын дайындады

Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ істері жөнінде министрлігі Каспий бассейнінде ресейлік теңіз порттарын, оларға баратын теміржол және көлік жолдарын дамыту стратегиясын бекіту жөніндегі үкіметтің қаулы жобасын дайындады. Жоба  үкіметтің қарауына жолданған. Құжат мәтіні мен оның түсіндірме жазбасы мекеменің сайтында жарияланып отыр, деп хабарлайды ТАСС.

"Стратегияны іске асыру Каспийдегі ресей порттарын  халықаралық негізгі дәліздермен және көлік саудасы тораптарымен ықпалдастыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудағы озық аумақтар мен еркін порттар құруға ықпал етеді", деп болжанған.  Волго-Каспий теңізіндегі кеме жүйесін  автоматтандыру және жұмыс істеп тұрған порттардағы қуаттылықтарды дамыту, сондай-ақ Дағыстанда жаңа теңіз портын салу қарастырылған.

"Сондай-ақ стратегия шеңберінде теңіз портын құрумен қатар, аумақтарды дамытуды ынталандыру шараларын іске асыру, оның ішінде  Иран, Үндістан, Парсы шығанағы елдері мен Шығыс Африка секілді болашағы зор тұтынушылардың өсіп бара жатқан сұранысына сай жүк ағынын қалыптастыру мақсатында  бірқатар өндірістік кластерлер құру қарастырылған", – делінеді түсіндірме жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу