Ресей қазақстандық фермерлерден қазы-қарта жасауды үйренбекші

1814

Ресей қазақстандық фермерлерден қазы-қарта жасауды үйренбекші

Мал шаруашылығы саласындағы ресейлік мамандар қазақстандық фермерлерден жылқы етін өндіру тәжірибесін үйренетін болды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА-ға берген сұхбатында Ресей Федерациясының федералды мемлекеттік ет өнеркәсібі институты оқу орталығының басшысы Михаил Трифонов мәлім етті.

"Қазақстанда жылқы етінің ұлттық өнімдерін шығарумен байланысты халал өнімнің өндірісін байқадық. Бізде бұл бағытқа мемлекеттік деңгейде аз көңіл бөлінеді, сондықтан сіздерден тәжірибе ала аламыз", – деді сарапшы.

Шақырылған қонақ тілге тиек еткендей, жылқы еті – табиғаттағы ең таза ет, ол гипоаллергенді, сондай-ақ жылқы еті диеталық өнім және ақуыздың көп мөлшерін қамтиды. Егер сиыр еті адам ағзасында толығымен 24 сағат ішінде таралса, жылқы еті 3 сағатта таралады. Қазақстан жылқы етін өндіру бойынша әлемде үшінші орын алады. Жылқы етінің әлемдік өндірісі 1 035 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте 143 мың тоннаны құрайтын өндіріс көлемімен Мексика – бірінші, Қытай – екінші (126 мың тонна) және Қазақстан үшінші орында (114 мың тонна) тұр.

Сарапшының айтуы бойынша, жылқы етінің халық басына шаққандағы әлемдік тұтынылуы қой етімен бір деңгейде.  

Қазақстанда қазіргі уақытта 1,5 миллионнан астам жылқы басы бар екенін, атап өтейік. Оның жыл сайынғы өсімі 4 %-дан 8 %-ға дейін құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу