Ресей Қазақстанға авиакеросин экспорттамайтын болды

863

Ресей Қазақстанға авиакеросин экспорттамайтын болды

Әлемде мұнай қымбаттады. Brent маркалы қара алтынның құны баррелі үшін 59 долларға жетті. Мұнай бағасы өскенімен, қазан айында елімізде отандық және шетелдік әуекомпаниялардың рейстері мүлдем тоқтап қалуы мүмкін, деп хабарлайды khabar.kz.

Оған себеп ішкі нарықтағы сұраныстың көп болуына байланысты Ресей келесі айдан бастап Қазақстанға авиакеросиндерін экспорттамайтын болды. Қазақстанда әуекеросиндерді өндіретін бір ғана Шымкент мұнай өңдеу заводы бар. Оның өзі келесі айда жөндеу жұмыстарына жабылады.

Жалпы елімізде жылына әуе кемелеріне 800 мың тонна жанармай керек, қазір соның 240 мыңын ғана Шымкент заводы шығарады. Қалған 70 пайызын Ресейліктерден аламыз.

"Эйр Астана" компаниясы басшыларының айтуынша, қазіргі таңда бір аптаға ғана жететін керосин бар. Бұл мәселені құзырлы орындар жуық арада шешпесе, әуе қатынасы қиын болуы мүмкін.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу