Ресей Қазақстанға дәнді дақылдар тұқымын әкетуге рұқсат берді

891

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпарына қарағанда, наурызда Ресей дәнді дақылдар (бидай, арпа, қара бидай, жүгері) экспортына тыйым салғандықтан Қазақстанға 22 мың тонна тұқым импорттау қиындаған. 

Ресей Қазақстанға дәнді дақылдар тұқымын әкетуге рұқсат берді

"Мәселе екі елдің премьер-министрлерінің орынбасары деңгейінде көтеріліп, Ресей тыйымды алып тастауға келісім берді. Енді тұқым жеткізушілер Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігіне өтініш береді. Олар түскен өтініштерді алты жұмыс күні ішінде қарайды", – деп сендіреді министрлік өкілі А. Сұлтанов. 

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бізге қажетті тұқым көлемінің шамамен 90 пайызы өз ішімізде дайындалады. 9,3 пайызы Ресейден алынады. Қалғаны Түркия, Германия, Италия, Өзбекстан, Венргия елдерінен аз мөлшерде жеткізіледі.

Жалпы биыл егіске 2,4 млн тонна дақыл тұқымы себіледі деп болжанған. Оның ішінде дәнді дақылдарға – екі млн тонна, майлы дақылдарға – 91 мың тонна, жемшөпке 19 мың тонна тұқым себіледі.

Өз ішімізде өндірілген өнімдер толық себілген. Облыстардың жергілікті бюджетінен тұқым құнын субсидиялауға 11,8 млрд теңге қарастырылған. 

Біздегі тұқым өндірісі негізінен ішкі нарыққа бағдарланған. Экспорт төмен. Мысалы, былтыр "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" компаниясы жиыны алты тонна күздік бидай тұқымын экспорттаған. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу