banner

Ресей Қазақстанмен мұнай-газ саласында жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі

573

Әлихан Смайылов пен Вагит Алекперов бірлескен мұнай-газ жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Ресей Қазақстанмен мұнай-газ саласында жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының энергетикалық саясат және энергия тиімділігі жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 

Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу