Ресей Қазақстаннан барған 40 тонна пиязды жарамсыз деп тапты

898

Себебі өнімнің атауы, экспорттаушы және / немесе қайта экспорттаушы елдің атауы туралы таңбасы болмаған.  

Ресей Қазақстаннан барған 40 тонна пиязды жарамсыз деп тапты

Ресейдің Новосібір облысы ауыл шаруашылығын бақылау басқармасы қызметкерлері Қазақстан мен Қырғызстаннан барған 80 тоннадан астам өсімдікті экспорттауға тиым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"21 мен 24 тамыз аралығында басқарма инспекторлары "Карасук" фитосанитарлық бақылау бекетінде салмағы 80,156 тонна болатын карантиндік өсімдіктің 8 партиясын ұстады, сондай-ақ 7897 дана құмырада өсетін өсімдіктер де бар. Өнім Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасынан Новосібір, Абакан мен Мәскеу  нарығына шығару үшін көлікпен жеткізілген",- делінген хабарламада.

Тексеру кезінде Қазақстаннан барған 40 тоннадан аса пияздың қайдан екені туралы құжаты болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу