Ресей Қазақстаннан келетін цемент импортын арттырды

715

Оған көрші елде цементке деген сұраныстың өсуі себеп болған.

Ресей Қазақстаннан келетін цемент импортын арттырды Фото: gazeta.uz

Ресей дүние жүзінде цемент өндірушілердің ондығына кіреді. Биылғы қаңтар-сәуір айларында ішкі сұраныстың өсуіне байланысты цемент импортын 62%-ға, 0,84 млн тоннаға дейін арттырды, деп жазады inbusiness.kz rbc.ru порталына сілтеме жасап.

Алдын ала бағалауға сәйкес, Ресейде цементке деген сұраныс 2023 жылдың мамырында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға, 6,5 млн тоннаға дейін артқан. Өз кезегінде өндіріс тек 7-8%-ға, 6,3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Бұл туралы РБК танысқан цемент одағының мамыр айындағы аналитикалық шолуында жазылған.

Цемент одағы Еуразиялық экономикалық одақтың жетекші цемент өндірушілерін біріктіреді. Оның құрамында жалпы қуаты жылына 100 млн тонна болатын 50-ден астам зауыт кіреді.

Жыл басынан бері цемент зауыттары өндірісті біртіндеп арттырған: қаңтардағы 2,6 млн тоннадан сәуірдегі 5,2 млн тоннаға дейін. Биылғы 4 айда 15,4 млн тонна цемент өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5%-ға аз. Сұраныс 2,5 млн тоннадан 5,4 млн тоннаға дейін өскен. Осы жылдың алғашқы төрт айында Беларусь, Иран, Қазақстан және Түркиядан келетін цемент импорты айтарлықтай артып (61,9%), 0,84 млн тоннаны құрады. Өткен жылдың 4 айында Ресей Федерациясына 0,5 миллион тонна, ал 2022 жылы шамамен 2,2 миллион тонна цемент әкелінген.  

Цементтің жетекші өндірушілері Ресейде бұл құрылыс материалының тапшылығы жоқ екенін алға тартады. 

"Ресейдегі цемент зауыттарының орташа жүктемесі 60%-дан аспайды. Технологиялық себептерге байланысты цемент өндірісін бірден арттыру мүмкін емес екенін түсіну қажет. Атап айтқанда, өндірісті ұлғайту үшін зауыттардағы жабдықтарды жөндеудің қымбаттығы мен ұзақтығы, қосымша мамандарды тарту қажеттігі, жаңа қойма алаңдарына деген қажеттілік және т. б.", - деді "Цемрос" маркетинг және стратегиялық талдау департаментінің басшысы Денис Усольцев. 

Оның сөзінше, ресейлік цемент өндірушілер сұранысты болжау үшін елде тұтынылатын цемент көлемі жөнінде алдын ала білуі тиіс.

Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі маусымда цемент тұтыну көлемінің "айтарлықтай" артуы кезінде зауыттардың көбі, әсіресе Ресейдің еуропалық бөлігінде, толық жүктемемен жұмыс істейтінін хабарлады. Биылға арналған өндірістің болжамы 2022 жылдан (60,7 млн т) төмен емес деңгейде болатынын, биылғы құрылыс маусымының динамикасын ескере отырып, өндіріс көлемінің 5-7%-ға дейін өсуімен де жоғары болады, деп жалғастырды ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу