Ресей құрылыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, машиналар мен жабдықтарды экспорттауға тыйым салды

1219

Қазақстаннан Ресейге тауар экспорттауға жаңа шектеулер жоқ. 

Ресей құрылыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, машиналар мен жабдықтарды экспорттауға тыйым салды

Жүк көліктері мен "ГАЗель" көліктерінің жүргізушілерін шекарашылар көрші елдегі жаңа тыйымға байланысты кері қайтаруда.

Енді Ресейден не әкелуге болмайды? 

Бұл туралы "Диапазон" басылымы мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz

Ақтөбелік жүргізуші қазір Қазақстан-Ресей шекарасында, атап айтқанда, "Сағаршын" және "Жайсан" өткізу бекеттерінде көрші елден тауарларды шығаруға жаңадан тыйым салынғанын айтты.

Қазір Ресейден біздің елімізге құрылысқа қажетті кейбір материалдарды, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін, ауыл және орман шаруашылығына, бау-бақша және құс шаруашылығына, наубайханаға, кондитерлік және басқа да өнеркәсіптік пештерге арналған жабдықтарды, әртүрлі станоктарды, кәсіби және медициналық жабдықтарды импорттау мүмкін емес. Бұл тізімде балдақтар мен есту аппараттары да бар. Тізімге тіпті көзілдірік, микрофондар, фотоаппараттар, тұрмыстық техника т.б. көрсетілген. 

Тыйым салынған тауарлардың атаулары 10 наурызда жарияланған Ресей Федерациясының құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталының 39 бетінде тіркелген. Шектеулер жыл соңына дейін енгізілді. Айтпақшы, осыған байланысты қазір шекарада жүргізушілер шақырымға созылған кезекте тұр, содан кейін шекарашылар жүк көліктерінен тыйым салынған тізімдегі тауарларды тауып алса, оларды кері қайтаруда. 

Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің шекаралық бақылау басқармасы Қазақстаннан Ресейге тауар экспорттауға жаңа шектеулер жоқ екенін айтты. Қаңтар айының басында алты айға енгізілген ірі және ұсақ малды елден шығаруға тыйым салынған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу