Ресей-Қытай газ құбыры іске қосылды

879

Путиннің мәлімдеуінше, осы құбыр арқылы алдағы 30 жылда Шығысқа триллион текше метрден аса көгілдір отын жеткізіледі. 

Ресей-Қытай газ құбыры іске қосылды

Ресей Қытайға газ тасымалдайтын "Сила Сибири" атты жобасын іске қосты. Нәтижесінде тараптар 2024 жылға дейін екіжақты тауар айналымын 200 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр, едп хабарлайды Atameken Business.

Путиннің мәлімдеуінше, осы құбыр арқылы алдағы 30 жылда Шығысқа триллион текше метрден аса көгілдір отын жеткізіледі. Климаты қатаң болғанымен, Якутиядан жаңа газ өндіру орталығын ашқан ресейліктер, 3 мың шақырымға созылған құбыр арқылы жолай "Амур" газ өңдеу зауытына да шикізат жеткізіп, оны әлемдегі аса қуатты орталыққа айналдыруды көздеп отыр.

"Алғашқы жылы солтүстік бөлім арқылы 5 млрд  текше метр табиғи газ аламыз. Қытайдың солтүстік-шығысы мен Бейжің – Хебей аралығын қамтитын аймақ осы жобаның игілігін көреді. Бұл жақта қуат көзіне деген сұраныс жоғары", – дейді Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының бас директоры Цзян Чанлян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу