Соңғы кездері Ресей ішкі отын нарығын қолдау үшін жанармай экспортына тыйым салып, бензинді теміржолмен көрші елдерден импорттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шілденің басында бұл мемлекетте бензин өндірісі 65 пайызға кеміген. Солтүстіктегі көршіде мұндай жағдайдың қалыптасуына Украина армиясының дрондармен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына қайта-қайта соққы беруі себеп.
Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына жасаған соққыларынан кейін елдегі отын өндірісі соңғы жиырма жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. Осыған байланысты Ресей бензин импорттайтын елдер қатарына тағы бір – үшінші мемлекетті қосты.
Reuters дереккөздерінің мәліметінше, шілде айында бензин өндірісі ішкі сұраныстың тек 65%-ын ғана қамтамасыз еткен, ал отын тапшылығының жалпы көлемі 800 000 тоннаға жеткен.
Шілде айының соңында үндістандық бензин тиелген алғашқы танкер Мурманск облысындағы Витино портына келді. Вадинар мұнай өңдеу зауытынан 42 000 тонна өнім сатып алынған болатын.
Ал қазіргі уақытта Ресейге арналған бензин тиелген тағы бір танкер ("Varg") Суэц каналына қарай бет алып барады, онда отын Ресей портына жеткізу үшін басқа кемеге ауыстырылмақ.