Ресей мен Қытай доллардан бас тартуда

1477

Көршілер ұлттық валюталарында ғана есеп айырыспақ. 

Ресей мен Қытай доллардан бас тартуда

Ресей мен Қытай доллардан бас тартып, өздерінің ұлттық валюталарында ғана есеп айырыспақ. Екі елдің үкіметаралық келісіміне Ресейдің бірінше вице-премьері әрі қаржы министрі Антон Силуанов пен Қытайдың Ұлттық банкі төрағасы И Ган қол қойды.

Мамандардың айтуынша, құжат көршілес державалардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімге 5 маусымда қол қойылса да, қазір жарияланып отыр.

Ақпарат көздеріне сәйкес, бүгінде қос тараптың  кәсіпорындары қалай есептесетіні бағамдалуда. Ресейлік сарапшылар болашақта Юань мен Рубльдің ортақ саудадағы үлесі 50-де 50-ге жетуі мүмкін дейді. Ал әзірше Ресей валютасына нарықтың тек 10 пайызы ғана тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу