Ресей мен Украина арасындағы тауар айналымы қысқаруда

774

Украина ресейлік емес, еуропалық стандарттарға сай келетін сапалы өнімдерді шығаруды үйреніп жатыр.

Ресей мен Украина арасындағы тауар айналымы қысқаруда

Соңғы алты жылда Украина мен Ресей арасындағы тауар айналымы шамамен алты есе қысқарды, яғни 37 млрд доллардан 7 млрд долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел премьер-министрі Денис Шмыгальдың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында Еуропалық Одақпен арадағы алыс-беріс көлемі бес есе артқан. Үкімет басшысының айтуынша, бұл процестің артықшылығы – Украинаның ресейлік емес, еуропалық стандарттарға сай келетін сапалы өнімдерді шығаруды үйренуінде.

Шілде айының басында Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин украиналық макарон, балмұздақ, кетчуп пен тағы да бірқатар тауарды Ресейге жеткізуге тыйым салу туралы қаулыға қол қойған еді. Ал бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Украина туралы жазған мақаласында бұл елді Еуропадағы ең кедей мемлекет деп атап, оның ЖІӨ Косовоға қарағанда төмен деп жариялаған еді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: theowp.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу