Ресей мен Украинаның Ыстанбұлдағы келіссөздері 28 наурызда басталады

1253

Қос тараптың алғашқы келіссөздері 27 ақпанда басталған еді.

Ресей мен Украинаның Ыстанбұлдағы келіссөздері 28 наурызда басталады

Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің кезекті раунды Ыстанбұл қаласында 28 наурызда кешке басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Басқосуға қатысты басқа мәлімет жарияланбады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Анкара ресми Мәскеу мен Киев арасындағы бұл келіссөздер Украинадағы атысты тоқтатады деген пікірде. 

Ресей мен Украина делегацияларының жаңа кездесуінің өтетін жері 27 наурызда белгілі болды. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путин оны Түркия астанасында өткізуге уағдаласты. 

Қос тараптың алғашқы келіссөздері қақтығыс басталғаннан кейін үш күн өткен соң, яғни 27 ақпанда басталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу