Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау мерзімі ұзартылмақ

500

Мәжілісте тиісті заң жобасы қабылданды.

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау мерзімі ұзартылмақ Фото: canva.com

Қазақстан аумағы арқылы ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдау мерзімі тағы 10 жылға ұзарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң жобасын Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

"Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2013 жылғы 24 желтоқсанда қол қойылды.  Бұл келісімнің қолданылу мерзімі – 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін. 2017 жылы тараптар транзитті жылына 7 млн тоннадан жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді. Осыған байланысты тараптар келісімді 2024 жылдан 2033 жылға дейін ұзартуға өзара мүдделілік білдірді және 2013 жылы қол қойылған келісімге өзгерістер енгізу бойынша тиісті келіссөздерге кірісті", - деді ол.

Ведомство басшысының дерегінше, 2014 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде Ресей мұнайының Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-ға жалпы транзиті 90,899,271 тоннаны құрады. 

"Жалпы түсім 1 миллиард 327 миллион долларды құрады. Ресей тарапы "Роснефть" 10 жылдық кезеңге 100 млн тонна жеткізу туралы СПНС-пен келісімін ұзартқаны және қол қойғаны туралы хабарлады. Келіссөздердің қорытындысы 2023 жылғы 16 маусымда Санкт-Петербург қаласында Келісімге өзгерістер енгізу туралы қол қойылған хаттама болды. Хаттамада транзит көлемі, тарифтер және мұнай транзиті үшін есеп айырысу бойынша өзектендіру, сондай-ақ Келісімді он жылдық кезеңге ұзарту көзделеді.", - деп жалғастырды ол.

Келіссөздер барысында ТОН-2 маршрутының учаскесін келісімге енгізу және $2,1/тонна тарифін белгілеу ұсынылған көрінеді.

"2024 жылдан 2033 жылға дейінгі кезеңде екі учаске бойынша ҚР аумағы арқылы ҚХР-ға Ресей мұнайының транзиті үшін күтілетін түсім 1 миллиард 851 миллион доллар алмастырудан түскен пайданы ескере отырып, 1 миллиард 710 миллион долларын құрайды", - деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға айдаудан қанша табыс табатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу