Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді

167

Urals мұнайының бағасы барреліне 34 долларға дейін төмендеді.  

Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді Фото: Depositphotos.com

Ал Brent маркалы мұнайдың баррелі 61 доллар шамасында саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ресей мұнайының экспортына орташа жеңілдік 27 долларды құрайды. Мұнайдан түскен табыс Ресейдің мемлекеттік шығындардың төрттен бірін өтейді.

Ал мұнай бағасы арзандаған сайын мұнай өңдеу зауыттары "қара алтынды" сатып алуға ынталана түседі. Бұл үрдіс  мұнай бағасының уақытша тұрақтануына әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу