Ресей нарығынан кеткен 25 шетелдік компанияны елімізге көшіру жұмыстары аяқталды

557

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

Ресей нарығынан кеткен 25 шетелдік компанияны елімізге көшіру жұмыстары аяқталды Фото: newtimes.kz

Ресей Федерациясының нарығынан кететінін ресми түрде мәлімдеген шетелдік компаниялармен релокация бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz

"Бүгінде 401 компанияның барлығына шақыру қағаздары жіберілді. Біздің елшілер компаниялармен кездесу жүргізуде. Қазіргі таңда 67 компания оң жауабын берді, олар бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тағы 25 компания бойынша релокация жұмыстары аяқталды. Бұған 38 ел қатысып жатыр. Оның ішінде Германия, АҚШ, Швейцария және Жапонияның компаниялары бар. Релокация аяқталған негізгі компанияларға тоқталсақ, америкалық Honeywell Алматыда шағын өндіріс орнын ашты", - деді спикер.

Бұдан басқа Indriver, австралиялық Fortescue, француздық Alstom, OZON-ды айтуға болады, деп атап өтті Алмас Айдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу