Ресей Орталық Азия қолдауына күмәнмен қарайды

474

Батыс Орталық Азия елдерінде Ресейге қарсы ақпараттық үгіттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр - Михаил Галузин.  

Ресей Орталық Азия қолдауына күмәнмен қарайды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Орталық Азияның кейбір елдері тәуекелден қорқып, Ресейге қарсы батыстық санкцияларға қосыла алатынын анық көрсете бастады. Бұл туралы сейсенбіде Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин "Валдай" халықаралық пікірталас клубының III Орталық Азия конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресей мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Біржақты экономикалық шектеулердің қолайсыздығы мен заңсыздығына қатысты ұстанымдарының бір жерден шығуына қарамастан, бірқатар Орталық Азия елдері мойындарына жауапкершілік алғылары келмейді, тіпті, батыстық шектеу шараларын ұстануға дайын екендерін ашық көрсетіп отыр", - деді министрдің орынбасары.

Галузиннің айтуынша, Ресей "өзара міндеттемелер мен ҰҚШҰ, ЕАЭО және ТМД бағытын" санамағанда, басқа барлық сыртқы не ішкі саяси істерде өз ұстанымын тықпалап, ешкімді ресейлік жолмен жүруге міндеттемейді.

"Орталық Азия астаналары бізді дұрыс түсініп, жағдайды көріп отыр деген сенімдеміз: Ресеймен байланыстарды өтірік бұзу арты атышулы қайталама санкциялардың шығындарынан гөрі ауыр зиян келтіруі мүмкін", - деп қосты ол.

Министрдің орынбасары Ресейдің Орталық Азия елдерімен стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу