Ресей Өзбекстанға 30 миллиард рубльден астам сомаға теміржол техникасын жеткізді

98

Ресейлік өндірушілер 2007 жылдан бері 30 миллиард рубльден астам сомаға теміржол техникасын жеткізген.  

Ресей Өзбекстанға 30 миллиард рубльден астам сомаға теміржол техникасын жеткізді Фото: mintrans.gov.ru

Бұл туралы РФ Премьер-министрінің бірінші орынбасары Денис Мантуров жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, ресейлік өнімдер өзбек нарығында кеңінен таныстырылған. Жеткізілім құрамына электропойыздар, тепловоздар, метро вагондары мен жүк вагондары, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштар, тораптар мен жиынтықтаушы бөлшектер кірді.

Сапар аясында Мантуров ресейлік технологиялар белсенді қолданылатын Ташкент жолаушылар вагондарын салу және жөндеу зауытында болды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық тек техника жеткізумен шектелмейді. Ол жөндеу және сервистік қызмет көрсетуді, цифрландыруды, инфрақұрылымды жаңғыртуды, сондай-ақ өндірістік кооперацияны дамытуды қамтиды.

Локализация мәселесіне ерекше назар аударылуда: ресейлік компаниялар бұл процеске тартылып қойған және технологиялық өзара іс-қимылды кеңейтуді жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу