Ресей өзінің екі аэродромында болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді

491

Жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тапты.  

Ресей өзінің екі аэродромында болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді Фото: BBC

Кремль Ресейдің Рязань және Саратов облыстарындағы аэродромдардағы жарылыстарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Кеше аэродромдардың бірінде өрт болып, ал екіншісіне дрон құлаған еді. Жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл әскери нысандарда ресейлік стратегиялық бомбалаушылар орналасқан. Бұл ретте Рязань маңындағы және Энгельстегі әуеайлақтардан Украина аумағына кезекті соққылар дайындалғаны белгілі болды.

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге не болғаны туралы хабарлады.

"Әрине, тиісті органдардан президент болып жатқан оқиғалар туралы үнемі ақпарат алып отырады", - деді Песков телефон арқылы берген сұхбатында.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі әуе базаларына украин әскери күштері соққы берді деп мәлімдеді.

"5 желтоқсан күні таңертең Киев Ресейдің алыс авиациялық ұшақтарын істен шығару мақсатында Рязань облысындағы Диагилево және Саратов облысындағы Энгельс әскери аэродромдары бойынша кеңестік реактивті пилотсыз ұшу аппараттарымен соққы жасауға тырысты", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, дрондарды Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары ұстап алған, соның салдарынан адамдар мен техникалар "қалдықтардың құлауынан" зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу