banner

Ресей президенті Беларусь тарапына қару-жарақ беру туралы уәде берді

2325

Владимир Путин жақында Беларусь армиясын күшейтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей президенті Беларусь тарапына қару-жарақ беру туралы уәде берді

Оның сөзіне қарағанда Беларусь армиясы "Искандер-М" жедел-тактикалық зымыран кешендерімен күшейтіледі. Бұл туралы Ресей Федерациясы басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен Санкт-Петербургте кездесу барысында айтқан.


"...Сіз бұған дейін сұраған едіңіз, біз шешім қабылдадық. Алдағы бірнеше ай ішінде біз Беларуссияға "Искандер-М" зымыран-тактикалық кешендерін береміз. Олар штаттық режимде де, ядролық режимде де істей береді. Сондай-ақ баллистикалық және қанатты зымырандарды қолдану мүмкіндігі", – деді Владимир Путин.

Ресей Президенті американдықтардың НАТО-ға мүше алты елде 200 ядролық тактикалық оқ-дәрілерді сақтап отырғанын еске сала келе, РФ ядролық тактикалық оқ-дәрілерді қолдану үшін 257 ұшақ дайын екеніне тоқталды. Сондай-ақ көршілердің қауіпсіздігі де маңызды міндет болатынын, атап айтқанда, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздігін назарда ұстайтынын айтты.

"Одақтық мемлекет пен ҰҚШҰ-ның басқа елдерінің қауіпсіздігіне мұқият қарауымыз керек", – деді ол өз сөзінде.

Бұған дейін Владимир Путин мен Александр Лукашенко Санкт-Петербургте Константиновский сарайында келіссөздер жүргізе бастағаны туралы хабарланған болатын. Соған қарамастан, Украина Президенті Владимир Зеленскийдің Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Беларусь армиясының Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысу ықтималдығы өте төмен деп санайтынын жеткізді.

Айбек Қосан 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу