Ресей Президенті Қ.Тоқаевқа әкесіне арналған марапат парағын табыстады

235

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.  

Ресей Президенті Қ.Тоқаевқа әкесіне арналған марапат парағын табыстады Фото: t.me/aqorda_resmi

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алайда, бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілмеген. Құжатта көрсетілгендей, Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтар айында Польша аумағында жауға қарсы ұрыста көзсіз ерлік танытып, II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Кемел Тоқаев 1942 жылы майданға шақырылып, бастапқыда 226-атқыштар дивизиясында бөлімше командирі қызметін атқарған. Кейін жарақат алып, 7-гвардиялық танк полкінде әскери қызметін жалғастырды.

Соғыстан кейін ол жазушылық жолды таңдады. Өзінің "Солдат соғысқа кетті" атты кітабында майданның ауыр сәттерін, жауынгерлер бастан өткерген күйзеліс пен батырлықты әсерлі суреттеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу