Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан шығаруға рұқсат берілді

446

Екінші деңгейлі банктерге рұқсат берген тиісті Қаулыға Үкімет басшысы қол қойды. 

Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан шығаруға рұқсат берілді Фото: google

Қазақстан Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1079 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілгені туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz ҰБ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі.

"Бұл ретте Ұлттық Банк бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электрондық әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдардың бар екеніне назар аудартады", делінген ақпаратта.   

 Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу